Уақыт-адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт-әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Сондықтан уақытты өте тиімді пайдалану керек. Себебі уақытты үнемдеу-табыстың кілті. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деген нақыл сөз бар. Қазіргі жастық шақ — адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы.Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні-жылға азық», дейді халық. Сондықтан адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Себебі уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің бір сағаттың бір минуттың, бір секунг өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер! О