у меня Тжб По Казахскому Б мәтіні
Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді,
дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы.
Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.
Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер
жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз.
Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы
кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға
жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.
Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеуіміз керек. Қатты
майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн. Және көп тамаққа тосқауыл қою қажет.
9 Мәтіннің мазмұнына сәйкес келмейтін ақпарат.
A. Тамақтану мәдениетін сақтау B. Тамақты талғап ішу
C. Таңғы асқа аса мән бермеу керек D. Майлы тамақтан бас тарту.
10 Мәтінде қою қаріппен берілген тіркестегі шылаудың түрін анықтаңыз.
A. Талғаулықты жалғаулық B. Барыс септікті шылау
C. Болжалдық демеулік D. Қарсылықты жалғаулық
11 Асты сызылған тіркестегі септеулік шылаудың қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
A. Түбір тұлғалы B. Барыс септікте C. Шығыс септікте D. Көмектес септікте
[3]
Жазылым
12 Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды мүлде тұтынбау керек деген
ақпаратқа келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
[2]