ТЖБ!
Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.
А мәтіні
Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.

Ә мәтіні
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.
Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
А мәтіні | Ә мәтіні
Тақырыбы
|
Стилі
|
Қандай ерекше сөз қолданыстары
бар?
|

kuzhbapolina20 kuzhbapolina20    1   19.05.2020 06:53    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi