ТЖБ 1-мәтін
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
2-мәтін
Қандай су мұзға тез айналады: ыстық па, әлде суық па? Егер қисынды пайымдау жасасақ, онда, әрине, мұзды суық судан алған жылдамырақ. Өйткені, ыстық су мұз болып қату үшін алдымен сууы керек, ал суық суды суыту қажет емес. Дегенмен, тәжірибелер суық емес, дәл ыстық судың мұзға жылдам айналатын көрсетіп отыр.
Ыстық судың суық суға қарағанда неліктен тез мұзға айналатындығы жайлы сұраққа әлі нақты жауап жоқ. Мүмкін, бұл ыстық судың қатты сууында, булануы немесе мұз қалыптасуында, конвекцияның, я болмаса сұйылтылған газдардың ыстық және суық суға әсерінен болатын шығар.

1- тапсырма .1,2-мәтін бойынша негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды табыңыз. (кем дегенде 1-еуден). Неліктен бұл ақпарат негізгі, қосымша, детальді болып табылады? Себебін көрсетіңіз?

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Детальді ақпарат
1-мәтін

2-мәтін

ENTER717 ENTER717    2   11.03.2021 21:16    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi