Тыныштық сәті Тыныс алуға зейін қою. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л ш ы ғ а р...
Мұғалім сыйы Ағайындылар
Бір ауылда екі ағайынды тұрыпты. Үлкені үйленіп, әке-шешесімен бірге тұрады, ал кішісі ауылдың шетінде тұрды. Екеуі де көп еңбектенсе де, өмірлері қиын болды, олар байымады. Бірде қуаңшылық жыл болады. Інісі былай ойлады: «Ағамның жағдайы қиын, әйелі мен балалары, әке-шешеміз - соның мойнында. Өзімнің қорларымнан бірнеше бу бидай апарып берейінші» -дейді.Солай ойлап, жүріп кетеді. Қараңғыда жолда ол өзі сияқты бидай апара жатқан адамды көреді. Ойлағанын іске асырып, үйіне келсе, таң қалады: ондағы жиырма бу бидайы сол қалпында тұр екен. Арқасына қайтадан төрт бума бидай көтеріп, тағы да ағасына кетеді. Тағы да сол бейтаныс адамды көріп, ол өзінің ағасын таниды. Ағасы да солай ойлаған: «Інім қиналып жүр ғой, оған көмектесіп жіберейін». Сұрақтар:
Ағайындылардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?
Ағайындылар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?
Жанашыр бауырдың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?
Өздерің бауырларыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.
.