ТЫНДАЛЫМ Мәтінді мұқият тындап, тапсырмаларды орындаңыз. Күй ойнайды казағымның қанында, Күй ойнайды казағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінін, жүрегінің дүрсілі- Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Мәтіннің тақырыбы қандай? 2. Мәтінде қандай аспап туралы айтылады? 3. Мәтін авторының идеясы қандай? 4. Мәтін мазмұны бойынша автор домбыраны нелерге теңейді? 1. 2. 3
Ovlchlcoso sveiki, kā viss ir plabab во