Тылсым техниканың жетегінде кетіп, пайдасынан зиянын көбірек ше- гетінімізді аңғармаймыз да. Компьютердің көмегімен сабаққа, өзіңе қа-
жетті мәліметтер алып шектелсек жақсы. Жоқ. Әртүрлі ойындар, әлеу-
меттік желілердегі «қызықтар» сені жіпсіз байлап тастайды. Оның
қажеттісін және қажетсізін таңдауға әрқайсысымыз дайын емеспіз.
Әр техниканың өзіне тән зияны болатынын медициналық зерттеу-
лер дәлелдеуде.
Ал компьютер мен ұялы телефон мектеп жасындағы оқушылардың
ажырамас досына, ал кішкентайлардың ойыншығына айналды. Айта-
лық, монитордың алдында ұзақ отыру әрі дұрыс отырмау, компьютер
құралдарының дұрыс орналаспауы көздің талуы, бас ауруы, желке
тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы, адам ағзасын әлсіретіп,
әртүрлі ауруға ұшыратуға себеп болады.
Сондықтан пайдалану ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Ғалам-
торға деген тәуелділік, жастарымыздың айналасынан гөрі қолындағы
ұялы телефонға телміріп отыруы үйреншікті әдетке айналып барады.
Жаһандану кеңістігінде жаңа технологиялар ағымына ілесу -
заңдылық. ХХІ ғасыр – ғаламтор ғасыры. Ол аса үлкен, күрделі мәсе-
лелерді шешуге көмектесуде. Алайда компьютерді талғаммен пайда-
лануды ұмытпайық. Өйткені ол – жансыз техника, ал біз жаны бар
адамбыз.
( «Айгөлек» журналынан)
Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздер қайсы деп ойлайсың?
• Автордың ойына қосыласың ба? Не себепті?
• «Әлеуметтік желілердегі «қызықтар» сені жіпсіз байлап тастайды» де-
ген сөйлемді қалай түсінесің? «Жіпсіз байлау» деген не?
«Талғаммен пайдалану» дегенді қалай түсінесің?
• Ғаламтордың зияны туралы мәтіндегі ақпаратқа тағы не қосар едің?
ЖАЗЫЛЫМ
АЙТЫЛЫМ
6-тапсырма. Мәтіндегі көсемше жұрнағы арқылы жасалған сөздерді
теріп жаз. Көсемше қандай сөз бен сөзді, қандай сөйлем мен сөйлемді
байланыстырып тұрғанын
айт.