Тыңдалым Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.
Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар. Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) қызыл кітап, зерттеу, топырақ
В) отан, бала, қала
С) қызыл кітап, табиғат, қорғау
Д) зерттеу, адамдар, күш[1]
2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Еліміздегі ескерткіштерді қорғауға алу
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау[1]
3.Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
№
Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
1
«Қызыл кітап» деген атауды Питер Скотт ұсынды
2
Қазақстанда бұл кітап 6 басылымнан тұрады.
3
Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді.
[1]
4.Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз. Қызыл кітаптың шығуының мақсаты не?
[1]
5.Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Бұл адамзаттың табиғатты жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
/ түрлі түстен, қорғау үшін, Қызыл кітапқа/[1]
1)С) қызыл кітап, табиғат, қорғау
2)Д) Еліміздегі жойылып бара жатқан жан-жануарларды қорғау
3)«Қызыл кітап» деген атауды Питер Скотт ұсынды шын
Қазақстанда бұл кітап 6 басылымнан тұрады Жалған
Ең алғашқы Қызыл кітап 1999 жылы жарық көрді. шын
4)Аншылар омырдыен жоиылатын жануар осымдыктерге оларды атып осымдык терды жулып суитты сол ушын кызыл кытап шыгарды
5)Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.