ТЫҢДАЛЫМ Оқылым
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
-тапсырма.
Тыңда. Мәтінді оқы.
Елек өзенінің жиегінде түймедей бір төбе тұр. Өзі қораш болса да, осы тебенің аты зор.
«Ақтөбе» десе, жұрттың бәрі біледі. Ондай ақ та емес. Сонша ағартып, зор айтарлық не қасиеті
барын кім білсін, оны қоршай салынған қала да «Ақтөбе» аталған. Қаланың күншығыс жақ
шетінде Елек өзені ағады. Бір жағы – ырғалған кек, тып-тыныш, бір жағы - сартылдаған
пойыз, сары құм. Екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын білмей тұрған сияқты. Алысырақ,
жан-жаққа көз жіберсең – бетегелі, Құмайт жазық дала, жалпақ дала сөзылып кете береді.
Кең аспанда еркін самғаған көн Қаршығадай, осы далаға кез түскенде, көңіл шіркін де самғап-
самғап алады.
Қаланың іші де көңілді. Қала бұрынғыдан да көркейе түсiптi, ағаш егіліп, гүлдене бастапты.
Ертеректе бұл қалада тебеңнен күн қарыса, табаныңнан жер қаритын. Ыстық күндері тынысың
Тарылған соң жел іздейтінсің. Іздеген желің табылса, азабы ыстықтан да қатты. Кум аралас
майда топырақпен қуыс-қуысыңның бәрін бітеп салып, сары боран ұйытқи соққанда: «Жанып
нетсем де келің кұрысын!» - дейтінсің. Міне, Ақтөбенің күні — осындай еді...​

ilya494 ilya494    3   29.02.2020 21:53    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi