Тыңдалым/оқылым. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінге ат қойып, 2,3 тірек сөздер тап. Әже — баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған. Тақырыбы: Тірек сөздер: