ТЫҢДАЛЫМ оқылым 4
-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Өлеңді мәнерлеп оқы. Түсінгеніңді айт.
Ы
Тәуелсіздік
Еркіндігім,
Қасиеттім,
Қастерлім!
Өзің барда өзегімде жоқ шер-Мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман қып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
Қош келдің!
Саған,
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма?
Сексен алты ерлігім бе, ең соңғы?!
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп,
Боздақтарым өлсе - өлді!
Сенсің – менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
(Қалқаман Сарин)
Өзегімді өртке ораған қоғамда
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,
Азаттығым, қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті -
Аманат қой
Маған,Найдите прилагательные​

MariMQ MariMQ    1   11.02.2021 11:18    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi