ТЫҢДАЛЫМ 3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, бірнеше сұрақ дайында. Осы сұрақтарды
сыныптасыңа қойып, диалог құр.
Мәтін:
Дастарқанның жалпы көрінісі, оның әсем жасалуы, тағамдарды бір-бірімен үйлестіріп, рет-ретімен беру тәбеттің ашылуына жақсы әсер етеді, тәбет жақсы ашылса тағам да жақсы сіңеді.Мерекелік дастарқанның сән-салтанаты бәрімізге белгілі болар. Иә, көздің жауын алатын, әсемделген дастарқан! Дәмді дайындалып, әсемдепқойылған тағамдар. Ал мерекелік дастарқанның қандай талаптарға сай болуы керек екенін бәріміз бірдей білеміз бе?Мерекелік дастарқан. Ең күрделісінен –мерекелік тағамнан басталық. Мерекелік дастарқан үстінде қажеттінің бәрі де болғанымен, артық ешнәрсе тұрмауға тиіс. Оған қажетті ыдыс-аяқты қалай орналастыру, яғни сервиздеу керек? Дастарқан басында отыратын әр адамға екі нәлбек (тарелка) қояды: оның үлкеніне қою тағам, ал кішісіне салқын тағам салынады. Нәлбектің оң жағына пышақ (жүзін нәлбекке қаратып) пен қасықты, сол жағына айырды қояды. Қасық пен айырдың ойық бетін астына қаратып төңкереді. Десертке арналған қасықты, жеміске арналған пышақты нәлбектен әрірек, стол жиегіне параллель тастайды (бір кезде оларға да кезек келеді). Салқын тағамдар, ащы тұздықтар, тұзды тағамдар бүкіл дастарқан үстіне біркелкі етіп қойылады.