Тыңдалған мәтіннің мазмұнын тақырыпқа сай жазбаша баянда. Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе Ұлы дала өркениеті – Еуразия өркениетінің басы. «Дала» деген ұғым «шөл» деген мағынаны бермейді. Қазақ жерінде 45000 өзен, 8500 көл бар. Алтай, Алатау, Қаратау, Орал, Қарқаралы таулары да осы далада орналасқан.
Осы Ұлы дала өркениетінің орнауына себеп болған фактордың бірі – Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы сауда жолы ғана емес, мәдениеттердің тоғысу жолы еді. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны біріктірді, Қытай мен Еуропаны байланыстырды. «Лазурит жолы», «нефрит жолы», «құндыз жолы» деген атпен сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас тасымалданған. Құндыз жолымен бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.
Жолдың бұлай аталуының себебі – Қытайдан шығарылған жібек мата. Жібек жолы Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жалғасты. Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізіп, елдердің саудамен айналысып, ғылымды дамытуына ықпал етті.