Тыңда. Мәтінді оқы.
Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кез-
де 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін халық «жұлдыздар орнынан қозғалмайды» деп
жорамалдаған, Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы «жұлдызды аспан мәңгілік
өзгермейді» деп сенген. «Аспан - хрусталь сфера, оның сыртында Құдайлар өмір сүреді»
деп сенген. XVI ғасырдың соңында Джордано Бруно: «Жұлдыздар - Күн сияқты аспан де-
нелері», - деген пікір айтқан.
Ғалымдар жұлдыздарды дүниежүзіндегі үлкен расытханалар мен астрономиялық
орталықтарда зерттейді. Қазақстанда Астрофизика институты зерттейді.
Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген. Бессель жаңа аспан денелерін ашқан.
Ғалым – әлемдегі бірінші астроном. Ол 75 мың жұлдыздың орнын анықтап, Коперниктің
ілімін дәлелдеген. Коперник Жердің дөңгелек екенін алғаш айтқан. Бессель Кёнигсберг ра-
сытханасында жұмыс істеген. Бессель XIX ғасырда ғылымды дамытуға көп еңбек еткен.
Выписать глаголы