Тыңда дала,Жамбылды эссе 120 сөз керек нужна♡​

vykvyk005oxq5pm vykvyk005oxq5pm    3   26.12.2020 07:06    1

Ответы
BadKsu BadKsu  25.01.2021 07:07

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбылдың шығармашылық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20-ғасырдың 20-жылдарында ақ пен қызылдың соғысы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың тағдырына теріс әсерін тигізді, қарапайым адамдардың да, зиялылардың да психологиясын өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлады, күйініп те, қиналып та сөйледі. 

Объяснение:

міне жауап.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi