"Туризм және бүгінгі экотуризм" тақырыбына эссе жаз.

iprin iprin    2   19.05.2021 05:48    0

Ответы
сашамо сашамо  18.06.2021 05:50

Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде Орталық Азиядағы Еуразия қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков әңгімелейді.

- Ринат Сабырұлы, ОАЕҚ Қазақстанда экотуризмді дамыту үрдісімен айналысатыны белгілі. Елде туризмнің бұл түрін дамытудың маңызы жайында айтып берсеңіз?

- Орталық Азиядағы Еуразия қоры Қазақстандағы экотуризмді дамыту бастамасын жүзеге асыра отырып, екі маңызды мақсатты көздейді, олар - ауылдық жерлердегі халықты экономикалық белсендіру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Негізінен, Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтар аумағында тұратын халық, ауыл-шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс бизнесімен барынша мүмкін көлемде айналысуға заңнамалық тұрғыда шектелген. Қайта құру үдерісінен кейін болған экономикалық дағдарыс кезеңінде, көптеген осындай ауылдардың тұрғындары, амалсыздан браконьерлікпен және орманды заңсыз кесумен айналыса бастады. Ал экотуристік бизнес осы тұрғындар үшін заң аясында әрі табиғатпен үйлесімде пайда табу мүмкіндігін қарастырады. Сондықтан, жергілікті халық қоршаған ортаны өз бизнесін дамытудың бірден-бір ресурсы ретінде қарастырып, оны сақтап-қорғауға мүдделі болады деген үміттеміз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi