Туранов көзін тарс жұмып сұлық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны. Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп жабырқатқандай. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым? Мәтінде берілген негізгі ойды өз сөзіңмен жаз

ghjAlina11181 ghjAlina11181    2   24.10.2021 01:09    123

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi