Туған жер Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем... деп Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай менің
кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой
баққан елім, киелі жерім, ата мекен Жерұйығым тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы
«Туған жер-алтын бесік», «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге
айтпаған. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар
жер бетінде жоқ шығар. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз,
ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері драйлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан
да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
«Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер
айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау орбір азаматтың бірінші міндеті. Әрбір
азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан
тұтатын. Ұлтжанды азамат болу керек.
Мен өз Отанымды сүйемін және мақтан тұтамын!
1- Тапсырма: Сұраққа жауап жаз.
1. Қазақстанның жері қандай?
2. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтып, борышы қандай, мәтіннен тауып жаз
3. Мәтіннен 3 мақал-мәтелді көшіріп жаз.
4. Мәтіннен есімдіктерді теріп жаз.