Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку өңірі болып табылады. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде