ТОП ІІМЕН ЖҰМЫС 1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайында.
Жазғытұры
(үзінді)
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
...Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
...Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елерiп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп,
Абай Құнанбайұлы