Толымсыз сөйлемді табыңыз. А) Мен спорт клубына барамын. В) Үйде отырамын. С) Мен мектепке келемін.

Д) Мен аға- інілеріммен саяжайға барамын. Е) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын.

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Мұғалім бізбен сөйлес... тұр.

А) –кісі В) –мен С) –ге Д)-іп Е) үшін

3. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оның музыкалық мәдениеті өте бай. В) Мен таңға дейін отырдым. С) Олардың әндерін бәріміз тыңдаймыз. Д) Ол оқып жүр. Е) Олар қаржыны да мол табады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз. Көктемнің алғашқы гүлі - ... .

А) Қалампыр. В) Раушан. С) Көкнәр. Д) Бәйшешек. Е) Қызғалдақ.

5. Сөйлем ішінен жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Еліміз Елтаңбасымен еңселі. В) Айту-менің парызым. С) Халық бар жерде – тіл де бар.

Д) Елдіктің белгісі іспетті. Е) Зерттеулер бар.

6. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер. В) Мұқанов Мұрат-құрылысшы. С) Жетісу- жер жаннаты.

Д) Ол-шындық. Е) Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

7. Құрамына қарай жай сөйлем түрлерінің жалпы санын көрсетіңіз.

А) 7 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 9

8. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

А) Теңге үнемді сүйеді. В) Ақша-халық байлығы. С) Тиыннан теңге құралады.

Д) Теңге ұлттық-валюта. Е) Ақшаны үнемдей біл.

9. Сөйлемді аяқтаңыз: Балалар қыста шанамен ... .

А) Сүйрейді. В) Сырғанайды. С) Отырады. Д) Секіреді. Е) Тұрады.

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Аппақ қар. В) Олар кешігіп келді. С) Оқушылар үйге келді. Д) Мен әлі отырмын.

Е) Сабақ басталды.

11. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін атаңыз.

А) Сұраулы. В) Толымды. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымсыз.

12.Сөйлемді толықтырыңыз.

Наурыз мейрамында әрбір үйге ... келеді деген сенім бар.

А) Аяз ата. В) Мұғалім. С) Қыдыр ата. Д) Қонақ. Е) Қарша қыз.

13.Жайылма сөйлемнің құрамын анықтаңыз.

А) Тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер. В) Толықтауыш, пысықтауыш. С) Бастауыш, анықтауыш. Д) Анықтауыш, баяндауыш. Е) Тұрлаулы мүшелер.

14. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол кеш келді. В) Мектебің қайда орналасқан? С) Туған жер қандай байтақ. Д) Асқар бүгін ерте келді. Е) Ауылға ертең барамын.

15. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан - ... .

А) Ынтымақ күні. В) Конституция күні. С) Тәуелсіздік күні. Д) Республика күні. Е) Жеңіс күні.

16. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Жұмысты тез орындағымыз келеді. В) Оның Астанада оқығысы келеді. С) Ертең сабаққа барғысы келмейді. Д) Қазақстан жылдам дамыды. Е) Қыс мезгілі.

17. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Жалаң. В) Хабарлы. С) Атаулы. Д) Жақты. Е) Толымды.

18. Сөйлем түрін анықтаңыз. Мен бүгін мектепке келдім.

А) Атаулы сөйлем. В) Жақсыз сөйлем. С) Жақты сөйлем. Д) Құрмалас сөйлем. Е) Сұраулы сөйлем.

19. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Болашағына сенеміз. В) Ол Отанын сүйеді. С) Тиыннан теңге құралады. Д) Астанаға кеше келдім. Е) Ол өлең оқуға құмар.

20. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А) Ағасы бардың - жағасы бар. В) Киімін жинастырды. С) Інісі бардың - тынысы бар.

Д) Таң мезгілі. Е) Ел іші - өнер кеніші.

21. Сөйлемді аяқтаңыз: Театр - ... .

А) Мүсін. В) Еңбек. С) Мұражай. Д) Өнер. Е) Ескерткіш.

22. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді анықтаңыз.

А) Атаулы. В) Жалаң. С) Жақсыз. Д) Толымсыз. Е) Жайылма.

23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы. В) Менің сабақ оқығым келеді. С) Мен ауылға бардым. Д) Ертең осы жерге кел. Е) Балам, қайдан келдің?

24. Сөйлемді толықтырыңыз: «Мұраттың көзі ... .»

А) Қоңыр. В) Төрт. С) Аласа. Д) Биік. Е) Ащы.

25. Таң қалу, қуану сияқты сезімдерді көрсететін сөйлем түрін табыңыз.

А) Жақсыз. В) Лепті сөйлем. С) Толымды. Д) Жақты. Е) Атаулы.

тигрица086 тигрица086    2   29.04.2021 13:57    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi