Тоқылдақ орман құсы. Ол ағаш қабығының астындағы зиянды жәндіктерді теріп жейді

dianapodosenova dianapodosenova    3   06.05.2020 12:50    5

Ответы
darina2340 darina2340  12.08.2020 20:43
Тоқылдақ – ұсақ және орташа келген орман құсы. Елімізде токылдақтың 9 түрі кездеседі.

Солардың ішінде ең үлкені - қара тоқылдақ, оның салмағы - 360 грамм, ал кішкенесі - шұбар тоқылдақ (салмағы - 21-25 грамм). Тоқылдақтар Республикамыздың тек қана Шығыс және Солтүстік аудандарының қылқан жапырақты ормандарында кездеседі.

Тоқылдақтардың алуан түсті қауырсындары оларды басқа құстардан ерекшелендіріп бірден көзге түсіреді. Өткір тырнағы мен ерекше тіреуіш құйрығы арқылы ағаш діңімен өрмелеп, шапшаң жүре алады әрі ұзақ отыра береді. Ол ағаш қабығының астында жасырынып жатқан зиянды жәндіктерді, оның дернәсілдерін тауып жеп, ағашты зақымдалудан сақтайды. Тоқылдақтардың ағаштағы жәндіктерді тауып жеу үшін жасаған қуыстары басқа ұсақ құстар мен аңдарға дайын ұя болады.

Көктемде тоқылдақтар ағаш діңіне 2,5 метрден биік құыстарда ұя жасап, балапан шығарады. Тоқылдақтың негізгі жауы - тиін. Тиін тоқылдақ жұмыртқаларын жеп, ұясын бұзып кетеді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi