ІІІ тоқсан ТЖБ Нұсқа №1 ( 1-топ үшін) Күні: Сыныбы: Оқушы:
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ұзақтығы: 40 минут

Оқылым —
Жазылым —
саны: 15
Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис
Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис
Жасөспірім және заң. Синтаксис
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?

А мәтіні
Жасөспірімдер және қылмыс

Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолда-рын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас азаматтардың көбеюі — қоғам өмі-рінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зор-лау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, көлік айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қа-руды ұрлау, т.с.с. қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыс-тық жауапкершілікке тартылады. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеу-меттік мемлекет ретінде орнықты-рылды. «Оның басты қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз де-ген заманда әрбір адам өз құқықта-рын жете біліп, жалпы заң білімі сала-сынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.    
.

Ә мәтіні
Заң психологиясындағы кәмелетке толмағандардың мәселесі
Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан талдау үлкен орын алады. Яғни жас «қылмыскерлердің құқық бұзушылығына» себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыдан қарап, ғылыми тұрғыдан баға беру, шешілмеген мәселелерін шешу — ғалымдардың басты міндеті. Жалпы баланың қалыптасу кезеңінде оған әртүрлі жағдайлар мен факторлар әсер етсе, ол ең алдымен, оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігін өз нәтижесін беріп, қатынас, сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды. Баланың адам болып қалыптасуы, ең алдымен, отбасыға байланысты. Отбасы бала өмірінің жағдайын тудыратын, реттейтін орта болғандықтан, ол әртүрлі таңданыс пен өкініштердің қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш, өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта, әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының ав-томатты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені қылмыс дегеніміз — әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы — өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

А мәтіні
Ә мәтіні

Тақырыбы

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?

Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?

2. Әр мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде екі сұрақтан құрастырыңыз.
[3]

А мәтіні
Ә мәтіні

1.
2.
1.
2.

Жазылым
Тапсырма
Берілген тақырыпқа жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.
[10]

Елімізде жаппай қолға алынған «Таза қала» акциясы басталды. Бұл шараға Сіз оқитын мектеп те атсалысты деп елестетіңіз. Өткізілген іс-шара туралы жергілікті газетке «Мектебіміз «Таза қала» акциясына белсенді қатысты» тақырыбында жергілікті газетке ақпараттық мақала жазыңыз.
Тақырыбында жергілікті танымдық журналдың «Сіз білесіз бе?» айдарына «Қазақстанның «Қызыл кітабы» тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.


ІІІ тоқсан ТЖБ Нұсқа №1 ( 1-топ үшін) Күні: Сыныбы: Оқушы:«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жи

lida50 lida50    1   18.03.2021 13:45    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi