Өткенді қайталау: Тест жұмысы
1.Қалып-күй мен іс-әрекетті білдіретін сөз табы:
А) зат есім Ә) етістік Б) есімдік В) сын есім Г) сан есім
2. Етістік салт және сабақты деп ... бөлінеді:
А) құрамына қарай;
Ә) қызметіне қарай;
Б) мағынасына қарай;
В) жасалуына қарай;
Г) айтылуына қарай.
3. Сабақты етістік:
А) жүр;
Ә) бер;
Б) шық;
В) бар;
Г) тұр.
4. Салт етістік қажет етпейтін септік тұлғасы:
А) ілік септік;
Ә) барыс септік;
Б) шығыс септік;
В) табыс септік;
Г) көмектес септік.
5. Етіске беріліп жүрген анықтама:
А) есім сөздердің орнына жұмсалатын сөздер;
Ә) заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөздер;
Б) тұлғасына қарай негізгі және туынды деп бөлінентін сөздер;
В) қимыл мен оны іске асырушы арасындағы қатынасты көрсетеді;
Г) басқа сөз табынан сөз тудырушы қосымша арқылы жасалатын сөздер.
6. Іс-әрекеттің орындаушысы белгісіз етіс:
А) айтысты;
Ә) жуылды;
Б) қыдыртты;
В) күрестірді;
Г) түсіндірді.
7. Іс-әрекетті жасаушының өзі екендігін білдіретін ә»етіс:
А) алыс;
Ә) таран;
Б) қарат;
В) айтқыз;
Г) ойнатқыз.
8.Өзгелік етіс:
А) ойлану;
Ә) айтыңыз;
Б) жаздырт;
В) көмектес;
Г) ақылдасты.
9. Бірнеше орындаушы қатысқан қимыл:
А) айт;
Ә) тасыт;
Б) жуыс;
В) жаздыр;
Г) оқытқыз.
10.Ортақ етіс ... білдіреді:
А) Іс-әрекеттің өздігінен істелгенін;
Ә) қимылды орындаушы өзі екендігін;
Б) ) Іс-әрекеттің өздігінен орындалғанын;
В) ) Іс-әрекеттің біреуге орындатқандығын;
Г) қимылды орындаушы бірнеше адам екенін .