ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз «Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазіргі кезде Қазақстанда нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Мәтіннен 2 қосымша ақпаратты табыңыз Верных ответов: 2 Ә) Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырлмақшы. А) Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Б) Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Назад
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық
Объяснение:
Ким Нам Джун❤
Ким Сок Джин❤
Мин Юнги❤
Чон Хосок❤
Пак Чимин❤
Ким Тэхён❤
Чон Чонгук❤
БТС❤