ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі . Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.
Астана қаласы Зияткерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды 1586 құрады, әлемде орташа - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа - 1720, әлемдегі орташа - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды.
Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар.
3. Қандай пәндерді үштілде оқытады? Неліктен?\Какие предметы преподаются на трех языках? Почему?