текст:
Уақыт - адамның өмірі. Біз өмірге келгеннен бастап, уақыт сағаты іске қосылады. Балалық шақтағы әрбір қадамымыз да осы уақытқа кіреді. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: "Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл", - деп, өсиет қалдырған. Осы өсіетті қалай орындап жүрміз?! Біз қазір мектеп оқушымыз. Жасымыз 12-13-те. Бұл - "өмірміздің 12 жылы өтті" деген сөз. Осы жылдарды біз қалай пайдаландық. Ойланып көрші! Осы уақытқа дейін не үйрендік! Қандай жақсы істер орындадық? Уақытымыз босқа өтіп жатқан жоқ па? Сабақты қалай оқып жүрміз? Ата-анамыздың айтқан ақыл-кеңесін толық тыңдап жүрміз бе? Мектепте қандай жақсы істер істеп жүрміз? Өзімізден кіші балаларға қандай үлгіөнеге көрсеттік? Мені осы сұрақтар толғандырады. Ал сені ше? Сен осы сұрақтар туралы ойланып көрдің бе? "Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені" деген нақыл бар. Біздің өмірміз босқа өтіп жатқан жоқ па? Сен не дейсің?

Локи301 Локи301    2   18.10.2020 21:03    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi