Текст о правилах за столом на казахском языке

Пупырка20001 Пупырка20001    3   09.08.2019 22:50    0

Ответы
radovdima radovdima  04.10.2020 08:10
Қалай тамақтанғаныңыз, ас ішу құралдарын қалай пайдаланғаныңыз сіздің мәдениетіңізден хабар береді. Мәдениетті түрде тамақтану аса қиын емес. Ол үшін тек  тағам төңірегіндегі аз ғана ережелерді есте сақтасаңыз болғаны. Майлықты дұрыс қолдану туралы жазған едік. Бүгінгі әңгімеміз де тамақтану әдебі жайында.

Ең алдымен әр құралдың өзіндік қызметіболатынын ұмытпаңыз.

Алдыңыздағы құралдардың орналасу тәртібіне назар салыңыз. Тәрелкенің сол жағында тұрған шанышқылар сол қолға,оң жағындағы пышақ оң қолға ұсталады. 

Пышақты әдетте оң қолға ұстайды, пышақ сабының төменгі жағы алақаныңызға келіп тірелуі керек. Сұқ саусағыңызбен пышақтың қырын ұстаңыз. 

Сорпаны ішкенде, оны үрлеп, қасықпен араластыру әдепке жатпайды. Суығанша аздап күте тұрғаныңыз жөн. Сосын жаныңызда отырғандарға естілмейтіндей етіп, ақырын ғана ішу керек.

Тамағыңыздың құрамында ет болса, оны оң қолыңызға  пышақ ұстап, кішкене-кішкенеден кесіп жеу керек. Үлкен етіп өздері кесе алмайтын балаларға кесіп береді.

Тамақ үстінде су ішкіңіз келсе немесе үстелден нан т.б. алғыңыз келсе, қасық пен пышағыңызды қалай ұстап отырсаңыз, солай тәрелкеңіздің жанына қойып, қалағаныңызды ала беріңіз.

Лапша, жұмыртқа сияқты кейбір тамақтарды бір ғана шанышқымен жеген дұрыс. Шанышқыны оң қолыңызға ұстайсыз. Жұмыртқаны жеген кезде, оған нан бөлшегін көмекке шақыруға болады. 

Тауық етін көпшілік тамақтану орталарында шанышқы мен пышақтың көмегімен жеген дұрыс. Тауық етін үйде немесе ешкім көрмейтін жерлерде ғана қолға ұстап жей беруге болады. Сыр мен майды өз пышағыңызбен кесіп,тәрелкеңізге салып алып жеу керек. Туралған нанға май жағып, үстіне сыр қойып жеңіз. 

Жұмсақ тамақтарды, мысалы котлеттерді пышақпен кеспегеніңіз дұрыс. Шанышқының әлі келетін тағамдардышанышқымен кесіңіз.

Көкөністерді жеу үшін арнайы пышақтар ұсынылады. Алма мен алмұртты төртке бөліп, қабығын ашып жеген дұрыс.

Балмұздақ, крем сияқты тәттілерді кішкентай қасықпен жейді. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi