Текст на тему мне нравится байтерек

milenairk38 milenairk38    3   04.10.2019 15:50    3

Ответы
Ftgbjjjm Ftgbjjjm  09.10.2020 19:57

Бәйтерек- менің Қазақстандағы ең сүйікті ғимаратым.  Неге бәйтерек ұнайды дейсіз бе? Себебі, мен аңыз-ертегілерді қатты жақсы көремін, ал бәйтерек жайлы аңыздар көп. Мысалы, ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады. Тағы да қызықты мәліметтін бірі ол- құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.  Мен Нұр-Сұлтан қаласына әр демалысымда барамын, сол кезде Бәйтерекке де кіріп шығамын. Бірақ әр кіргенімде, бірінші рет көргендей боламын, себебә, ол өте әдемі. Мен оны жақсы көремін!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi