Текст: Мен дүниеден қол үзіп, айдалада қалдым. Арылмас қайғыға ұшырадым. Мен бүкіл а алыс қалдым. Мен қоғамнан қуылған жәндікпін. Менің киім-кешегім аз. Біраз уақыт өткен соң киетін киімім де қалмайды. Мен аңнан, адамнан қалай сақтанамын? Менде сақтанатын қару жоқ. Менімен сөйлесетін және маған ақыл айтатын, жұбататын ешкім жоқ. Бірақ барлық жолдастарым бәрі суға кетіп, апат болғанда, мен тірі қалдым. Тек мен ғана кемедегі бүкіл адамнан бөлініп жалғыз қалдым. Ажал тек мені есіркеді. Мені ажалдан құтқарған нәрсе, мүмкін бұдан да құтқарар. Бірақ мен аштан өлген жоқпын. А тамақ таба алмайтын, ел жоқ, күн жоқ жапан далада өмір сүріп отырмын. Бірақ мен киімсіз өмір сүретін жерде тұрамын. Мен тұрған аралда Африканың аралдарындағыдай адам жоқ. Әлі күнге дейін жыртқыш аңдар кездескен жоқ. Егер Африканың аралдарының бірінде қалсам қайтер едім? Бірақ құдайдың құдыреті шөккен кемені жиекке жақындатып әкелді. Кемеден өзіме күнделікті керекті заттарды алып үлгердім. Өле-өлгенше тамақ тауып ішуіме болатындай мүмкіндік берді. Дүние жүзінде а ң мұнан артық жағдайға тап болуы екіталай. Бірақ мұнда тұрмыстың жаман жағы ғана емес, жақсы жағы да бар. Аралдағы тұрмысыма үйрене бастадым. Бұрын мен минут сайын кеме көріне ме деп теңізге қарайтынмын. Енді үмітімнен күдер үздім. Өз тіршілігімді жеңілдетуге жағдай туғыздым.
1 арылмас арыл-мас
2 өле-өлгенше өлген-ше