ТЕКСТ:Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған мырғауылды Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай? - дейді, Қырғауыл: Жақсы, өзің қалай тұрасың? - дейді, Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді? Бір құлағым естімеуші еді, - дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын. Жерде әр түрлі аңдар бар. Бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді Түлкі: Әй, достым, қазір заман бұрынғыдай емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шықты. «Біреу- ге біреу зорлық қылмасын!» депті, «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауың бірге жүрсін!» депті, - дейді. Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр. И- терге де хабарыңызды айтыңыз. Олар да жақсы хабарды естісін, дейді. «Ит» деген сөзді естіген соң түлкі алды-артына қарамастан, қаша жөнеледі. Қырғауыл: Қайда барасың, Түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? - дейді. Түлкі: Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар, - дейді міңгірлеп,
Түлкінің қырғауылға келуі
Түлкінің жақсы хабар айтуы
Сөзімен әрекетінің екі бөлек болуы