Текст
Қазақстанда екі опера және балет театры бар. Біріншісі – Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Бұл театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып, өз репертуарын М. Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен бастады. 1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді» қойылымы көрсетілді. Театрдың алғашқы құрамында театрдың қабілетті, дарынды әртістері – Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін олардың көбі «Қазақстан опера өнерінің қайраткері» атанды. 1944 жылдан бері театр шымылдығын жыл сайын А. Жұбанов пен Л. Хамиди бірігіп жазған «Абай» операсымен ашады. «Абай» операсы атақты опера сахналарында қойылды. Екіншісі – «Астана опера»Мемлекеттік опера және балет театры. «Астана опера» театры «Біржан-Сара» операсымен ашылды. Ондағы басты рөлдерді Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі, тенор Ахмед Агади мен Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева ойнады. «Астана операсының» жалпы аумағы – 61163 шаршы метр. Ол 4 блоктан тұрады. Жобаның авторы сәулетші Ренато Аркетти грек-рим мен қазақтың ұлттық сәулет дәстүрін жақсы үйлестірген. Ғимараттың сыртқы қасбеті «Сицилия інжуі» мәрмәрімен қапталған. Театрдың бас кіре берісі маңдайшасына қола квадрига – төрт пар ат жеккен қос доңғалақты арбаның үстінде қолына лира ұстаған сақ патшайымы –Томиристің мүсіні қойылған.
Задание
Пікір. Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.​

sooova123 sooova123    1   07.02.2021 18:33    0

Ответы
lizkelizaveta0 lizkelizaveta0  09.03.2021 18:49

1. Пікір:

Қазақстанда көрнекті екі опера және балет театры бар.

2. Дәлел:

Біріншісі Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, ал екіншісі «Астана опера»Мемлекеттік опера және балет театры.

3. Мысал:

Абай атындағы театр 1934 жылы ашылып, өз репертуарын «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен бастаған, ал «Астана опера» театры 2013 жылы ашылып, «Біржан-Сара» операсымен ашылуы болған.

4. Қорытынды:

Екі театрда өте дарынды әртістер мен танымал операларды сомдаған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Koshmmarik Koshmmarik  09.03.2021 18:49

ответ:1.

Қазақстанда көрнекті екі опера және балет театры бар.

2

Біріншісі Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, ал екіншісі «Астана опера»Мемлекеттік опера және балет театры.

3.

Абай атындағы театр 1934 жылы ашылып, өз репертуарын «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен бастаған, ал «Астана опера» театры 2013 жылы ашылып, «Біржан-Сара» операсымен ашылуы болған.

4.

Екі театрда өте дарынды әртістер мен танымал операларды сомдаған.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi