Тазалық керек адамға! Эсседегі сипаттама сөздердің орнын тап.
Менің кейіпкерімнің есімі – Кәрім. Ол менің құдай қосқан көршім болады. Оның салақтығын сөзбен сипаттап жеткізу өте қиын. Алайда дәл қазіргі кейпін сипаттап берейін.
Кәрімнің үстінде жұмысқа арналған шалбар мен жейде бар. Жейдесінің жағасынан бастап
Ол кірдің қалыңдығы сондай,
қабық болып қалған. Шалбарының да түсі дәл сондай қара қошқыл қабыршақты. Арасында
тұстары да байқалады. Бұл май мен кірдің араласқанынан пайда болған ерекше
қабық деуге болады. Тіпті жаңбыр жауған кезде де ол қабықтан су өтпейтінін көріп қатты таңғалғаным бар.
Артқа
Тексеру
Менің кейіпкерімнің есімі – Кәрім. Ол менің құдай қосқан көршім болады. Оның салақтығын сөзбен сипаттап жеткізу өте қиын. Алайда дәл қазіргі кейпін сипаттап берейін.
Кәрімнің үстінде жұмысқа арналған шалбар мен жейде бар. Жейдесінің жағасынан бастап кір. Ол кірдің қалыңдығы сондай, қара жылтыр қабық болып қалған. Шалбарының да түсі дәл сондай қара қошқыл қабыршақты. Арасында сынып кеткен тұстары да байқалады. Бұл май мен кірдің араласқанынан пайда болған ерекше химиялық қабық деуге болады. Тіпті жаңбыр жауған кезде де ол қабықтан су өтпейтінін көріп қатты таңғалғаным бар.