Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен
жүріп адас», немесе «Бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада
өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні
адаммен» дейді. Ал көппен қарым-қатынаста болу, береке-бірліктің, татулықтың ізгі
бастауы болмақ. А әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі
тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі
ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «Алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер
сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.
1-тапсырма. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
1.«Бөлінгенді бөрі жейді» деген тіркестің мағынасы ашыңыз.
(1 ұпай)
2.Автордың айналасындағы жандарға қандай тілегі көрінеді?
(1 ұпай)
3.«Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең» деп неліктен айтқан?
(1 ұпай)
2-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын...
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өлеңнің аты қандай ?
(1 ұпай)
2.Ақын тойына кімді шақырады?
(1 ұпай)
3.Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
(1 ұпай)
4.Өлеңнің авторы кім?
(1 ұпай)