Тараз-Талас өзені бойында орналасқан тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған. 2000 мың жылдық тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы мен сыры көп. Әр қаланың өзінің ерекше бойтұмары болады. Тараздың бойтұмары-Карахан мен Айша Бибі күмбездері.Аңыз бойынша,Айша Бибі Түркістанда жас батыр Караханмен кездеседі.Бірін-бірі ұнатқан екі жас үйленуге келіседі. Жаугершілік заман болғандықтан,елін,жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі мерзімде Айша Бибіге бара алмай қалады. Арада біраз уақыт өтеді. Айша Бибі Қараханның мекені-Тараз қаласына бару үшін қасына күтушісін ертіп,жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп,Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап,сол арада суға түсіп,біраз демалмақ болады.Ұзақ жолдан шаршаған жас ару маужырап ұйқыға кетеді.Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып алады. Қарахан батыр естіп,емші мен молданы әкеліп некесін қидырады. Қайғырған Қарахан сүйіктісіне арнап,әсемдеп күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де,сол күмбез екі ғашықтың махаббатының өшпес белгісі болып тұр. 1-тапсырма Мәтінгі ат қойыңыз (озаглавьте текст)

dianadiana1982 dianadiana1982    3   29.11.2021 12:04    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi