ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша 2
нақтылау сұрақ құрастырыңыз.
Отбасы - шағын мемлекет
Тауелсіз Қазақстан болашағының іргетасы
әрбір үйде қаланады, еліміздің экономикалық
әлеуеті әрбір отбасының береке-бірлігінен
бастау алады. Дені сау, бақытты отбасы
қоғамымыз бен мемлекетіміздің берік тірегі.
«Отбасы - шағын мемлекет» деген сөз бекер
айтылмаған. Отан шын мәнінде отбасынан
басталады. Отбасында адамдардың өмірге
көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа
деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі
халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды.
Біз бүгінде алпысқа келгеннен ақыл сұрап,
қарияларын айрықша қадір тұтқан, әкелерін
асқар тауға, аналарын шаңырақтың алтын
арқауына теңеген отбасылық
құндылықтарымызға қайта оралуға тиіспіз.
Жетімін жұбатып, қиналғанда қол ұшын берген
халықтық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз
керек.​

Vova50915091 Vova50915091    3   18.10.2020 13:20    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi