ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан елі мен халқының алдындағы басты еңбегі – геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі. Алайда ең бастысы – Қазақстанның аграрлы-ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның қосқан рөлі. Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұлар – Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі іспеттес. Отандасымыздың туғанына 120 жыл толуына орай оның еліміздің дамуына, ұлттың инновациялық санасының – Рухани жаңғырудың – қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап кеткен жөн!
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған үш нақтылау сұрағын құрастырыңыз.