Тапсырма
мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. осы сәтте дүкенге сүйкімді
бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. қаздай тізілген моншақтарды көргенде
көздері жайнай түсті. арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір інжуден жасалған
моншақты нұсқады.
- мұны әпкеме сыйлағым келеді. оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп
сұрады бүлдіршін.
саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:
- сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. :
бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.
- бұл жете ме? – деп сұрады. дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.
бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.
- білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге
қарайлап келеді. ол өзіне мүлдем назар аудармайды. бүгін оның туған күні. мына моншакты
сыйлағым келеді. көгілдір түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті.
саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. моншақты каптамара
салып, сыртын лентамен байлады.
- ала ғой, құлыным! жолда абайлап жүр. жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.
куаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет
алды. саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп кет:
бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек койлы
- бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? оның бағасы қанша? – деп сурал
бойжеткен.
- ai - деді саудагер, - мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
- менiн сiнiлiмнiң бірнеше тиыны ғана бар болатын. ал мына моншақ таза інжуден
жасалған емес пе? оның бағасы да қымбат болу керек. мұны қалтамыз көтермейді, - деп
ағынан жарылды бойжеткен.
саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынд
-ол ең қымбат бағаны төледі. қолында бардың барлығын берді. ал мұны мына заманда
ересек да жасай алмас еді
дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.

VoinBogov VoinBogov    3   08.10.2019 09:29    26

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi