Тапсырмалары Ұзақтығы – 30 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
саны - 15
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - оқылым, екінші компонент - жазылым және тілдік бағдар.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
Компьютерлік графика – әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алатын информатиканың саласы.
Қазір кез келген мекемеде газеттер-журналға, жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырыс берсе, кейбіреулері программалық құралдарды пайдаланып, өздері жасайды.
Компьютерлік графиканың түрлері:
Ғылыми графика - Ең алғашқы графика, тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Символдық режимде басып шығаратын.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін, жоспарын, жетістіктерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынатын графика. Электрондық кестелер арқылы жасалады.
Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Бұл - ЖАЖ-дың (жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі. Конструкторлық графика құралдарын пайдаланып, жазықтықтағы кескіндерді (проекция, сызба) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Бұнда қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін шықты. Қазір компьютермен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығын қажет етеді.
(191 сөз)
1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
[1]
2. Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.
[2]
Компьютерлік графика түрлері
3.Мәтін бойынша терминдер мен олар туралы ұғымдарды сәйкестендіріңіз. Ақпаратты сызба не шартты белгілер түрінде ұсыныңыз.
[2]
Ғылыми графика, конструкторлық графика, өнертапқыш, теледидар, жазықтықтағы кескіндер, жарнамалық роликтер, өндірістік есептер, видеодәрістер, символдық режим, іскерлік графика, компьютердің жады, есеп құжаттары, графикалық редакторлар, статистикалық есептер, жарнамалық графика, жұмыс істеу жылдамдығы, электрондық кестелер, мультфильмдер, инженер-конструктор, компьютер экраны, архитектор, суреттеу графикасы.
Жазылым. Бір тақырыпты таңдап алып,тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып эссе жазыңыз. Жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. (40-60 сөз)
1.«Ғаламторды дұрыс пайдалану – мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті» деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
2. Біз отбасында Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?
3. Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?
4. Домбыра үйірмесіндегі қызықты оқиға
[10]
Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. Жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. (40-60 сөз)