Тапсырмалары Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жана
киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туган-туыстарынан.
Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.
Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып кайткан, сауда жасап келген адамдар туган
туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді.
Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып
(келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып) немесе замандастарын шақырып, ойын-суык
өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастанғы
жасау деп атайды.
Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады,
кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да кимастыкпен қоштасып,
жылайды. Мұны көрісу деп атайды.
Мәтіннен етістіктерді анықтап,мағыналық түрлерін ажыраьып жазыңыз.Сабақты еттістіктер:Салт етістіктер:
бойжеткен болады жауабы