Тапсырмалар және қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тапсырма Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10] Астрономиялық бақылаулар Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге карап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру а ң өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады. (Уикипедиядан алынған мәлімет 113 сөз) Аспан түсiнiң көк болу себебі Аспанның түсі неліктен көк? Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз. Күнделікті жұтатын ауамыз көзге көрінбейтін, түссіз болғанымен аспанымыздың түсі көк. Оның сыры неде? Аспан барлық жерде де көкшіл түсті. Солтүстікте бозғылт, оңтүстікте қою көк, бізде ашық көк түс. Аспанның алуан түрлі ғажайып түсі қалай пайда болады? Аспан ауаға түскен күн сәулесі әсерінен сан түрлі түске енеді екен. Күн Жерге шуақ шашады, ол Жер қабатын қоршап тұратын қалың ауа қабатына түседі екен. Ал күннің шапағы Қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді. Себебі, ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең Қысқасы - Көк түс. Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.