Тапсырмалар 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
а) Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз. Көтерілген мәселені
анықтайтын нақты екі сұрақ құрастырыңыз.
Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана тарихы
1973 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Советінің 1973 жылғы 23 сәуірдегі №228 қаулысына
сәйкес, 1 тамыздан бастап, облыстық әмбебап кітапханасы 11 штатпен құрылды. 1973-1975
жылдары кітапхананың алғашқы директоры Белғожанова Роза Рысқанқызы болды. 1976 жылы
кітапхана директорының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа директор болып
Молдағайынова Гүлжаухар Аухатқызы тағайындалды. 1977-1988 жылдары директордың
Алматыға ауысуына байланысты кітапхананы Құрманбаева Мәрзия Жалмұқанқызы басқарды.
1980 жылы қаламыздың кітапханалары бір орталыққа көшірілді. 2857000 дана кітабы бар 268
кітапхана біріктіріліп, 12 орталықтандырылған кітапхана жүйесін құрды. Олардың 208900
оқырманы болды, кітап берiлiмi 4294900 кұрады.
1988 жылы қараша айынан бастап кітапхана директоры болып Кәриева Кәбира Кәриқызы
тағайындалды.
1990 жылы кітапхана жалпы көлемі 1436 шаршы метрлік Есенберлин көшесі 9а үйінде
орналасқан, жаңа ғимаратқа көшірілді. Кітапхана штаты 47 адамға өсті, облыстық кітапхана
295 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетті.
1994 жылы Жезқазған облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы.
қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің аты кітапханаға берілді.​

Dima7111 Dima7111    3   05.05.2021 15:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi