Тапсырмалар: 1) Мәтіннен тірек сөздерді анықтап
алыңыз / определите опорные слова
с текста.
2) Мәтіннің негізгі ойын жазыңыз /
напишите главную мысль текста.
3) Мәтінге ат қойыңыз / поставьте
название к тексту.

Отырар – шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала . Тарихи жазбалар авторларының айтуынша , ежелден бері Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен . Мұнда қой терісімен қапталған қыпшақтар шежіресі , араб дастандары , теріге жазылған кітаптар , балық қабыршақтарымен безендірілген үнді дастандары , мұсылмандар мен христиандардың өсиеттері , көркем және ғылыми кітаптар , өлеңдер жинақтары , саяхатшылардың жазбалары , діни әрі өте көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен әкелінген деседі . Ғалымдардың айтуынша , кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап , түркі , парсы , қытай , грек , еуропалық тілдердегі кітаптар болуы әбден мүмкін . Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырып , географиялық карта сызған деседі . Бұл кітапханада ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап , ортағасырлық Еуропа , Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдарының шығармаларына дейін жинақталыпты . Ғасырлар бойы кітаптар қоры әлемнің әр түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен толықтырылды . ХІІ ғасырдың аяғында Отырар кітапханасы атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапханаға айналды дейді көне шежірешілер . Бұхар тарихшысы Рузбейханның мәлімдеуіне қарағанда , Отырардың қолжазба кітаптары Сығанаққа дейін таратылған . ( 149 сөз )

gag99 gag99    1   22.12.2020 16:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi