Тапсырмалар: 1. Мәтінді оқып шығыңыздар. Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз, қосымша ақпартпен толықтырыңыз. "Бір терезе". 2. Мәтін бойынша сұрақ дайындыңыз.
3. Сұрақты пайдаланып, "Бір терезе" қағидасы бойынша диалог құрастырыңыз.
4. Сөздерді жатыс септігіне қойып, жазыңыз.
5. Берілген жатыс септігіндегі сөз тіркестерін тауып, сөйлем құрастырыңыз.
Бiр терезе
«Бір терезе» қағидаты дегеніміз – мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуы және уақытын аз жұмсауы. Сондай-ақ, бұл принцип қызмет көрсетушілермен тікелей байланысты жойып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Бұған қоса, аталған жүйе бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға, халыққа жайлы қызмет ұсынуға бағытталған.
2005 жылдың 24 мамырында ҚР Үкіметінің №501 қаулысы бойынша «Астана және Алматы қалаларында «бір терезе» принципі бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге» байланысты тәртіптер жинағы жасақталған болатын. Осыған сәйкес, аталған жүйе халыққа қызмет көрсету орталықтарында жер ресурстарын басқару, заңды органдармен байланыс, ақпараттандыру және байланыс, сондай-ақ салық секілді салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіп, функцияландырды.
Қазақстанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп, «бір терезе» қағидатына сай қабылдауға қам жасалуда. Халыққа сапалы қызмет көрсетудегі ұтымды технологиялардың бірі – «бір терезе» қағидаты. Оның басты артықшылығы – тұрғындардың уақытын үнемдеуі, қызмет көрсетуді жеңілдетуі және әкімшілік кедергілерді жоюында болып отыр.