Тапсырма1 «Батыр Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясын аша отырып, «Елдің жүгін ер арқалайды» тақырыбына эссе жазыңдар.
Критерийлері:
1.Эссе 120 сөзден тұрады.
2.Тақырыпты поэманың тақырыбы мен идеясына сүйене отырып, ашып жазады.
3.Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер қолданады.
4.Эссе жазуда поэманың тарихилығына және эстетикалық құндылығына назар аударады.
5.Эссе құрылымын сақтайды. (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері).
6.Поэмадан фактілер (мысалдар) келтіреді.
Эстетикалық құндылық деген – адамның эстетикалық мәдениеті. Оған келесі компоненттер кіреді:
1. Қабылдау – бұл табиғатта, өнерде, тұлғааралық қатынастарда тамаша көріністі көру қабілеті. (Мысалы, Батыр Баянның жағдайды қабылдауы)
2. Сезіну – эмоционалдық бағалау. (Батыр Баянның өкінуі)
3. Қажеттіліктер – ойлау арқылы эстетикалық тәжірибе алу ниеті мен қажеттілігі.
4. Талғамы – қоршаған ортаның эстетикалық идеалдарына сәйкестігі тұрғысынан бағалай білу және талдау.
5. Идеалдар – табиғаттағы, адамның, өнердегі әсемдік туралы жеке түсінік.

maksgolovakha228 maksgolovakha228    3   23.01.2021 15:09    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi