тапсырма. Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін екі рет мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып жауап беріңіз.
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай...
Өлеңдегі ақпарат бойынша сұрақ Қазіргі өмірмен байланысты жауап
1.Алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын нелер?
2. Мың шақырым жерлерге күн жарымда жететін қандай арба?
3. Адам неге құстай ұшады?