Тапсырма: Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын,айырмашылығын табыңыз. А мәтіні
? Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім сол Ана. Ана - теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай - қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы. Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақы Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, деді көзіне жас алып,- жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
- Апа қарыздармын саған... Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл 1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
Б мәтіні
Бірде-бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй күйсіз жүрген кездері болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған өлеңі – «Дүнген қызы». Бұл әнді Шәмші белгілі ақын Сабырхан Асановпен бірлесе отырып шығарған екен. Бірде Шәмші өзімен бірге Сабырхан Асановты ертіп Жамбыл өңірін аралауға кетеді. Бірге жүрген сапарда екеуі «Отырардағы той», «Теріскей», «Сағынышым менің», «Фосфорлы Жамбыл», «Әсемсің әніңдей» сияқты әндерді жазады. Бірі сазын, бірі мәтінін шығарып жүрген күндердің бірінде «Дүнген қызы» әні дүниеге әкеледі. Әуелі бұл әннің сазы кейін мәтіні келген екен. Жамбыл өңірінде Дүнген ауылы бар. Кезінде Шәмші сол ауылда тұрып, дүнген халқымен сіз-бізі жарасқан деседі. Сол ауылдың тұрғыны дүнген қызын Шәмші өз сазына қосқан. Сазгердің сезімін сүйіспеншілікке толтырып, тәнті етіп, әсем әнге арқау болған «Дүнген қызы» бұл күнде көзі тірі көрінеді. Шәмшідей ақпейіл жанның нәзік жүрегін сезім мен сазға бөлеген дүнген аруының құрметіне шығарылған ән қазақтың сүйіп айтар әніне айналды.

alina151103 alina151103    1   30.11.2020 12:47    11

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi