Тапсырма . Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Апам менің

Менің апам қолы алтын, құдіретті әйел еді. Қазақта осындай мықты, ақылды,
ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы! Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек
болса, түгел апамның қолынан келетін.
Үлкен әпкем – Шолпан тұрмысқа шықты. Әпкемнің жасауын апам өзі
дайындады. Бір айдың ішінде жіп иіріп, оюдап сырмақ жасады, киіз басты.
Тұскиіз бен құрақкөрпе тікті.
Апам менің...
Жаз өтіп, қылышын сүйреп қыс келді. Орман-тоғай, тау-тас аппақ. Алтай
өңірінің әрі жүдеу, әрі көңілді шағы туды. Апам қарағайдың қабығына бояған
қызыл тонымды киіп, ойнауға шығамын. Қолыма былғары қолғабымды,
тымағымды, ақ пимамды киемін. Шанамды сүйреп шығамын. Қайыңды иіп,
шанамды да апам істеп берген. Сонда Әңгіштайдың өзім секілді бар баласы
маған қызыға да, қызғана қарайтынын, жағымсып менімен дос болғысы
келетінін біліп, танауымды шүйіремін.
Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз:
Сұрақтар

koshechkaXL koshechkaXL    3   05.05.2020 07:16    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi