тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен (перифраза)қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
 Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
 1. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір - бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі.
 Бір - бірін сүйіп [1]
 2. Отбасы – тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта.
 Тұлға тәрбиелеудің [1]
 3. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие.
 Әлемде теңдесі [1]
 4. Отбасының екі тірегі – әке мен ана.
 Әке мен ана [1]
 5. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды.
 Ұлттық тәрбие [1]
 6. Адамды әлеуметтендіру, яғни оның қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады.
 Отбасынан 
 [1]
 7. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстанған.
 Қазақтар отбасында 
 [1]
 8. Отбасылық құндылықтар – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі.
 Ұлттық құндылықтарды 
 [1]
 9. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады.
 Отбасылық құндылықтарды 
 [1]
 10. Сонымен, отбасы құндылығын сақтау әрі оны кейінгі ұрпаққа аманаттау қазақ өркениетінің темірқазығы болып табылады.
 Қазақ өркениетінің