Тапсырма обаларға жүргізілген зерттеу-
лерден сарматтардың қоғамдық
құрылысын қалай білуге болады?
өз пікіріңді сыныптастарыңмен
бірге талқылап, қорытындыңды
дәптерге жаз.​

kalinin11ccc kalinin11ccc    3   18.04.2021 18:08    5

Ответы
askarovaalisa askarovaalisa  18.05.2021 18:08

Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқаларға қарағанда жоғары болды. Олар ерлермен бірге жасақ құрамына кіріп, аңшылыққа да шығатын болған.

Алғашқы қауым болған кездерінде сарматтардың барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал олар әскери демократияға көшкен кезде қауым мәселелерін тек әскербасылар мен қолбасшылар шешетін болып өзгерді, қарапайым халық пікірі ескерілген жоқ. Атап өтілген алғашқы қауым құрылысы ыдыраған кезде мүлік теңсіздігі мәселесі пайда болды, осылайша осы тұста әскери демократия дами бастаған болатын.

Обаларға жүргізілген зерттеу жұмыстарына сүйенер болсақ, сарматтарда абыз әйелдердің, қарапайы жауынгерлердің, көсемнің, т.б. болғанын біле аламыз. Ол туралы түрлі қорымдардан табылған әшекейлер немесе асатаяқ, қарудың түрлері немесе ыдыстар сыр шертеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi